«Мектепішілік бақылау: талдаудағы проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум туралы анықтама
2025 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Мектепішілік бақылау: талдаудағы проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді Іс-шараға елорданың мектептерінен 160-тан астам оқу жұмысы және бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары қатысты Семинардың негізгі мақсаты мектепішілік бақылау барысында анықталатын проблемалық мәселелерді талдау оларды шешудің тиімді жолдарын айқындау және білім сапасын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету болды




