Сегодня: 03.10.2026
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуына орай мектебіміздің жастары ұлт ұстазының рухани мұрасын дәріптеп, қолдан жасалған ерекше туынды ұсынды.
Бұл – жас ұрпақтың тарихи тұлғаға деген құрметі мен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігінің көрінісі.
Ұлт ұстазының өнегелі өмірі мен тағылымды еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталсын!

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген
«ДосболLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН!» республикалық акциясына
мектебіміздің 6 «А» сыныбының оқушылары белсене қатысты. 🌟

Оқушылар достық, бір-біріне қолдау көрсету және мейірім жайлы
бейнеролик түсіріп, шынайы достықтың құндылығын көрсетті

Сілтеме- https://www.instagram.com/reel/DRBSd47iGbX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Мектепішілік бақылау: талдаудағы проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум туралы анықтама


2025 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Мектепішілік бақылау: талдаудағы проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді Іс-шараға елорданың мектептерінен 160-тан астам оқу жұмысы және бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары қатысты Семинардың негізгі мақсаты мектепішілік бақылау барысында анықталатын проблемалық мәселелерді талдау оларды шешудің тиімді жолдарын айқындау және білім сапасын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету болды

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DSpsa6WiBjh/

9-сынып оқушылары үшін көптен күткен «Күзгі бал-2025» кеші өтті!

Оқушылар әсем көйлек, сәнді костюмдерімен мерекелік көңіл-күй сыйлап, би алаңын думанға бөледі. ?
Кеш барысында түрлі сайыстар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, ең үздіктер арнайы номинациялармен марапатталды. ?

Бұл шара жасөспірімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, достықты нығайтып, мектеп өміріне ұмытылмас сәттер қосты. ?