Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуына орай мектебіміздің жастары ұлт ұстазының рухани мұрасын дәріптеп, қолдан жасалған ерекше туынды ұсынды.
Бұл – жас ұрпақтың тарихи тұлғаға деген құрметі мен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігінің көрінісі.
Ұлт ұстазының өнегелі өмірі мен тағылымды еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталсын!




