Республикалық «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылындағы кітапхана жұмысының жылдық есебі
Мектеп оқушыларының адамгершілік-рухани болмысының кемелденуіне, өздігінен білім алуға ынтасының артуына жағдай жасау. Осыған байланысты кітапхана 2025 – 2026 оқу жылындағы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Мен оқығанды ұнатамын» жобасын 4 бағытпен ұйымдастырылды.
Кітапхана мақсаты:
Кітапхананың негізгі бағыттары:
Бұл жобаның негізгі мақсаты – кітап оқу арқылы оқушы бойындағы жоғары азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Оқу белсенділігін, оқу құзреттіліктерін дамыту. Отбасымен кітап оқу дәстүрін жаңғырту.
Мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры:
Оқырмандармен жеке жұмыс:
Кітапхананың құрылымы:
|
1 |
Кітапхананың көлемі |
165,10 |
|
2 |
Оқу залы, абонеменпен бірге |
1 |
|
3 |
Сақтау қоймасы |
1 |
|
4 |
Оқу залындағы орындар саны |
60 |
Кітапхананың материалдық техникалық базасы:
|
р/с |
Құрал-жабдықтар аты |
Саны |
Инвер номері |
|
1 |
Монитор |
6 |
241300000570,571,574,575 |
|
2 |
Системный блок |
5 |
241300000570,571,574,575 |
|
3 |
Клавиатура |
6 |
241300000570,571,574,575 |
|
4 |
Тінтуір |
6 |
241300000570,571,574,575 |
|
5 |
Панель |
1 |
241300000654 |
|
6 |
Турникет (Отан мектеп) компютер құралдарымен |
1 |
- |
|
7 |
Басып шығарғыш |
1 |
241300000641 |
|
8 |
Компьютерлік столдар |
8 |
0136000540, 0138000303 |
|
9 |
Парта |
17 |
- |
|
10 |
Жұмсақ орындық |
28 |
- |
|
11 |
Кресло |
1 |
241600007241 |
|
12 |
Кітап сөрелері |
66 |
123-186 |
|
13 |
Көрмеге арналған кітап сөрелері |
4 |
117-119 |
|
14 |
Катологтар салатын |
1 |
108 |
|
Электронды кітапхана |
|
Абонемент |
|
Оқу залы |
Қызмет көрсету аясы:
Тәрбие мен білім егіз ұғым десек, жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы.
Мектеп кітапханасы – кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасын қалыптастырып, ғылыми, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын. Біздің жауапкершілікті міндетіміз: кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жан-жақты дамыту болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы жолында рухани байлықты тереңдете оқыту мен насихаттау ірі мәселелердің бірі. Сондықтан қазақ халқының қоғамдық саяси, әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын сақтап, қорғап қалыптастыру мен насихаттау кітапхана қызметкерлері үшін қашанда басты міндет. Қоғамның интеллектуалды бәсекеге қабілет тілігін жетілдіру мен еліміздің мәдени және ақпараттық тұтастығын қамтамасыз етуде кітапхананың алатын рөлі ерекше. Мектеп кітапханасының негізгі жүйесін жетілдіруде жоспарлы түрде көптеген іс-шаралар өтеді.
2025-2026 оқу жылында атқарылған мәдени-көпшілік іс-шаралар:
Республикалық «Балалар кітапханасы» жобасы «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында бірнеші іс-шаралар жүзеге асырылды. «Тілім-менің тірегім!» Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Елімнің еркіндігі – Ата Заңым» тақырыбында Конституция күніне орай кітап көрмесі және кітапханалық танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Кітапханамызда қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Абайды оқы, таңырқа» атты отбасы оқырман клубының кезекті дәріс сабағы өткізілді.
Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
Мектебіміздің 1-сынып оқушыларын "Жеке кітапханамдағы кітаптар" атты кітапханалық таныстырылым саяхат сағаты өткізіледі.
3 «Б» сынып оқушыларымен «Ертегі – тәрбие көзі» тақырыбында кітапханалық танымдық сағат ұйымдастырылды.
8 «А», 9 «А» сыныбының оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік елге-кітаппен бірге» атты әдеби кафе ұйымдастырылды.
«Отбасымен бірге оқимыз» жобасы аясында отбасымен бірлесе бейне ролик жасау ұйымдастырылды. Осы жобаға атсалысқан сыныптар 1 «Д», 2 «Ә», 2 «Д», 4 «Д» сынып оқушылары мен ата-аналары тартылды.
«8 минуттық оқу» жобасының айлық қорытындысы негізін 6 «Б» сынып оқушыларымен «Бір кітап-бір сурет» тақырыбында кітапханалық сабақ ұйымдастырылды.
2-7 сынып оқушылар арасында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты сурет байқауы өткізілді. Осы байқауға белсене қатысқан сыныптар 2 «Г», 3 «А», 3 «В», 5 «Б» өздерінің салған кейіпкерлерімен таныстырды.
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» балалар әдебиетінің онкүндігінің аясында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған танымдық сабақ ұйымдастырылды. Осы шараға қатысқан сыныптар 7-8 сынып оқушылары.
3-сынып оқушылармен «Менің сүйікті ертегім» ертегі кейіпкерлерін әңгімелеу, ертегі оқу сағаты ұйымдастырылды.
4-сынып оқушылар арасында «Кітап кейіпкерлері балалар көзімен» сурет байқауы ұйымдастырылды. Белсене қатысқан 4 «А», 4 «Ә» сыныптар ерекше ертігі кейіпкерлерін бейлеп, ертегі желісінен үзінділерін баяндап берді.
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 7-9 сынып оқушылар арасында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Оқушылардың оқыған өлеңдері әлеуметтік желілерге жарияланды. 5-сынып оқушылармен «Балалар жазушыларымен танысу» тақырыбында белгілі балалар жазушылары туралы танымдық сағат ұйымдастырылды. 2-сынып оқушыларымен «Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» отбасылық кітап оқу фотокөрмесі ұйымдастырылды. 6 «Б» сынып оқушыларымен «Кітап- білім бұлағы» тақырыбында әдеби викторина ұйымдастырылды.
«Жүректен шыққан жырлар» 5-10 сынып оқушылары арасында оқушылардың өз шығармаларын оқу, жас ақындар мүшайрасы өтті. Осы іс-шараны ұйымдастыру Құралай мұғалім мен Ләззат мұғалім жоғары деңгейде өткізді. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттері.
14 ақпан – Халықаралық кітап күніне орай «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла!» мектеп кітапханасына кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. Акцияға мектебіміздің 2 «Ә», 2 «Б», 4 «Б» сынып оқушылары және ұстаздар өздерінің сүйікті кітаптарын мектеп кітапханасына ертегілер, әдеби кітаптарын сыйға тарту етті.
Бастауыш сынып оқушыларымен «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ертегі желісі бойынша қойылым ұйымдастырылды.
Ұлттық кітап күніне орай мектепте түрлі іс-шаралар өтуде. Атап айтатын болсақ, баспасөз күніне орай «Менің сүйікті журналым» атты қызықты журналдармен таныстыру танымдық сағат ұйымдастырылды.
Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларына арналған тағылымды әдеби кеш өтті.
«Кітап және цифрлық әлем» әлеуметтік желілерде кітап оқу челеннджі ұйымдастырылды. Белсене қатысқан сыныптар 6 «А», «Б», «В», «Г», «Д», 9 «А» сынып оқушылары.
https://www.facebook.com/share/v/18dJ7jRXy9/?mibextid=wwXIfr
6 «Б» сынып оқушыларымен «Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» отбасылық оқу күніне орай ата-аналармен бірлескен оқу сағаты ұйымдастырылды.
8 «Б», «В», «Е» сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап әлемінде» квест ойыны ұйымдастырылды.
9 «Ә» сынып оқушыларымен «Мен оқыған кітаптар» челлендж аясында «Өз комиксіңді жаса» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/v/1EUCJPiczS/?mibextid=wwXIfr
9 – мамыр Жеңіс күніне арналып ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым қылу мақсатында 2026 жылдың 4 мамыр күні кітапханада «Желбіре, жеңіс жалауы!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Желбіре, жеңіс жалауы!» атты кең көлемді кітап көрмесіне сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдеби әдебиеттерге шолу жасалды.
Электронды ақпараттандыру, электронды әдеби кітаптарын пайдалану:
Мектеп кітапханасы оқырманның сұраныстарын толық қанағаттандыра алады. Кітап қорында жоқ материалдарды, қосымша іздену мақсатында интернет пайдалануға мүмкіндік жасалған. Мектеп кітапханасы қазіргі заманға сай мектептің оқу тәрбие процесінің сұранымына толық жауап беруге тиісті.
Қорытынды:
Алдымыздағы оқу жылында жұмысымыздың бір саласы – әр кезде жарық көрген жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс жүргізу, оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру. Кітап оқу жан дүниемізді байытады, жаңа технология заманында да кітап адамның ой – өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала бермек. Қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс – шаралар ұйымдастыру. Оқудан қол үзбейтін оқырмандарды көбейтіп, оқу – тәрбие жұмысына ықпал етуге еңбек ету. Осы бағыт бойынша сынып жетекшілер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, мұражай, мәдени орталықтармен бірлесе жұмыс жүргізіп отырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Ұсыныс:
Ø Алдағы уақытта мерекелерге байланысты сынып жетекшілер мектеп кітапханашыларымен біріге отырып тағылымы мол тәрбие сағаттарын өткізсе;
Ø Жобаларға, акцияларға оқушылардың белсенді қатысуын сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері қадағаласа;
Ø Мектеп кітапханасын заману кітапханамен алмастырса, ковркинг зоналары орынатылса.
Кітапхана меңгерушісі: Махшар А.