Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2026 жылдың 12 мамыр күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей базасында «Ғылымдағы табыс: еңбек, ізденіс және табандылық» тақырыбында Рахметқажы Берсімбай Іскендірұлы қатысуымен тағылымды кездесу сағаты өтті.

Кездесудің мақсаты – оқушыларға биология ғылымының заманауи бағыттары туралы түсінік беру, ғалымның өмір жолы мен ғылыми жетістіктері арқылы ғылымға қызығушылықтарын арттыру және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шараға Грайфсвальд университеті Ботаника және ландшафт экологиясы институтының директоры, профессор Мартин Шниттлер арнайы қонақ ретінде қатысты. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессорлары Р.К. Татаева, Ж.М. Мукатаева, Н.Л. Шапекова, доцент Ж.М. Базарбаева, Токсобаева Г.А., Нурмухамбетова Г.С., Арипова А.А., Айнагулова Г.С. қатысып, оқушылардың ғылыми жобалар көрмесімен танысты. Қонақтар жас зерттеушілердің жұмыстарына жоғары баға беріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Кездесу барысында мектеп директоры Қияқбай Нұрила Бақтиярқызы алғысөз сөйлеп, Рахметқажы Берсімбай Іскендірұлы ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын жеткізді. Оқушылар биология және медицина ғылымдарына қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, еркін сұхбат алаңында ғалыммен пікір алмасты.

Кездесу соңында жаратылыстану бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ғалымның арнайы стипендиясымен марапатталды.

Іс-шараның екінші бөлімінде профессор Неля Лұқпанқызы Шапекованың ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында емен ағашының ақжелкендерін отырғызу рәсімі өткізілді. Кездесу соңында мектебіміздің өнерлі жұлдыздары Нұржанұлы Нұрхан мен Ділдәбек Дәуренбек әсем әндерін орындап, жиынның көркін аша түсті.

✨ Ғылыми жобалар сайысында жүлделі ІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған Рахимбек Кәусарды  шын жүректен құттықтаймыз!

Ізденіс пен табандылықты талап ететін бұл байқауда оқушы өз білімін, ғылыми ойлау қабілетін және зерттеушілік дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл жетістік – оқушының еңбегінің және  ұстазы Хозыбай Айжанның  бағыт-бағдары мен қолдауының нәтижесі.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ғылыми ізденіс жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

   

     

Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық кезеңде  жүлделі орын алған  9-10-11 сынып оқушыларын құттықтаймыз!

№

Оқушының аты-жөні

Орны

Пәні

Жетекшісі

1

Жамбулова Айнель

9 сынып

ІІІ орын

математика

Бакенова Айгуль Баякышовна

2

Жақсылық Айдана

10 сынып

ІІІ орын

математика

Ертаева Гульнур Ратовна

3

Бекмұрат Ақерке

9 сынып

ІІІ орын

физика

Хонорбай Анаргуль

4

Ерман Медет

10 сынып

ІІІ орын

физика

Туртаева Нурлы Маликовна

5

Серік Жігер

11 сынып

ІІІ орын

физика

Мерәлі Нұрпейіс Айдарбекұлы

6

Сагнаев Аслан

10 сынып

ІІІ орын

информатика

Секенқызы Айнұр

7

Рахимов Азат

11 сынып

ІІІ орын

информатика

Умирзаков Нуржан Туткабаевич

8

Төкен Жанасыл 

9 сынып

ІІІ орын

география

Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлы

9

Айтенов Ернар

9 сынып

ІІІ орын

химия

Жанатаева Назира Якимовна

10

Шахмет Әділбек

10 сынып

ІІ орын

биология

Рахимбекова Әйгерім Серікқызы

11

Есентур Інжу

9 сынып

ІІ орын

тарих

Бостекова Гульшат Жакановна

12

Ерман Ернұр

9 сынып

ІІ орын

құқық

Қойбасарова Нұр Берікқанқызы

13

Қайратқызы Гүлзат

11 сынып

ІІ орын

қазақ тілі мен әдебиеті

Кушбаева Айнур Кабылтаевна

14

Даниярқызы Балауса 10 сынып

І орын

қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті

Шындалиева Жумакуль Ануарбековна

15

Болат Мадина

11 сынып

ІІ орын

қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті

Аюбаева Нурипа Алтынбековна

16

Қанатбек Елина

10 сынып

Грамота

география

Рахимберлина Гульмира Советовна

17

Калменова Анель 11 сынып

Грамота

география

Шынгысбаева Шынар Калкамановна

18

Тастанбек Гаухар

9 сынып

Грамота

ағылшын тілі

Мәлік Бисара

19

Турсунова Алтынай

9

Грамота

қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті

Смагулова Айгуль Каировна

20

Ақпар Әмір

10 сынып

Грамота

химия

Амангелді Аружан Ғалымжанқызы

Ғылыми ізденістегі табысты нәтиже

2025  жылдың 11–12 желтоқсан күндері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Аталған білім бәйгесіне мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Рахимбек Кәусар қатысып, өз ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, қазылар алқасының оң бағасына ие болды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен мазмұнды қорғалуының нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жас зерттеушімізді бұл жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми ізденіс жолында табыс, жаңа идеялар мен биік белестер тілейміз. Жетекші ұстазы биология пәні мұғалімі Хозыбай Айжанға үлкен алғыс білдіреміз!

«Жас білімпаздардың аудандық олимпиададағы жетістігі»

? 7–8 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі сәтті өтті!
✨ Білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

7 сынып

№

Оқушының аты-жөні

Орыны

Пәні

Жетекшісі

1

Сапарбек Ерасыл

І орын

Ағылшын тілі

Буркутова Л

2

Ердуллаева Айару

ІІ орын

Химия

Қалдыбай З

3

Серік Аружан

ІІІ орын

География

Шыңғысбаева Ш

4

Аскарова Зария

ІІІ орын

Қазақстан тарихы

Бостекова Г

5

Бахытжанұлы Абылайхан

ІІІ орын

Физика

Мерәлі Н

6

Нурлан Аруназ

ІІІ орын

Орыс тілі мен әдебиеті

Хусаинова С

7

Бердикулова Сезім

Грамота

Биология

Шонова А

8

Ардакова Аяла

Грамота

Қазақ тілі мен әдебиеті

Капшаева Г

8 сынып

№

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Жетекшісі

1

Сальменов Сансар

І орын

География

Шыңғысбаева Ш

2

Есимхан Нурасыл

ІІ орын

Биология

Тохсан Д

3

Әрмия Іңкәр

ІІ орын

Орыс тілі мен әдебиеті

Аймакова Ж

4

Қуатқызы Гаухар

ІІІ орын

Физика

Хонорбай А

5

Тлеубек Алихан

ІІІ орын

Химия

Амангелді А

6

Бахитжан Айдана

ІІІ орын

Қазақ тілі мен әдебиеті

Ильясова Л

7

Кашенова Жансая

Грамота

Информатика

Темиркулова С

Сіздердің еңбектеріңіз, дайындықтарыңыз және білімге деген талпыныстарыңыз – үлгі боларлық жетістік.

? Жеңістеріңіз құтты болсын!
Алдағы кезеңдерде де биік белестерді бағындырып, мектеп намысын абыроймен қорғай берулеріңізге  тілектеспіз!

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесіп ұйымдастырған «Ой-сандық: оқу және математикалық сауаттылық – табысты синергия» байқауына мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәдуақас Ерасыл Бақтиярұлы қатысып, «жұптық» және «топтық» кезеңінен жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

100-ден астам қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдері қатысқан интеллектуалды білім додасында өзінің білім деңгейі мен шеберлігін, кәсібилігін көрсетіп жүзден жүйрік атанған Ерасыл мұғалімді жеңісімен құттықтаймыз!

43535345345.jpg

27 қыркүйек күні өткен Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Есимхан Нұрасыл ( жетекшісі Қапшаева Г.А) және 10 «А» сынып оқушысы Рамазанова Жанерке ( жетекшісі Абуева А.Ғ) – ІІ - орынды жеңіп алды.

Оқушыларымыз шешендік өнер, көркемсөз оқу, эссе жазу номинациялары бойынша бақ сынып, үздік атанды. Жеңімпаз оқушыларымыз бен ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа белестер мен жарқын жетістіктерге жете беріңіздер!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, сонымен қатар шын жүйріктерді анықтау мақсатында 01.11.2024 ж. «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері, Серикпаева Динара Сералыевна, Әлдей Ләззат Бекжанқызы қатысты. Серикпаева Динара Сералыевна грамота, Әлдей Ләззат Бекжанқызы ІІ орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!

800.jpg - 111.64 kB

12 қазан А. Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 1 (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиадаға 8-9-10-11 сыныптарынан 175 оқушы қатысып, білімін сынады. Мектеп директоры Ғани Бақытұлы оқушыларға сәттілік тілеп, тапсырмаларды ашу рәсіміне қатысты. 

 1810.jpg - 217.45 kB

30 қазан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде А. Байтұрсынұлы атындағы «Әдіскер ұстаз» зертхана жұмысының отырысы ұйымдастырылды. Астана қалалық әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маманова және А.Байтұрсынұлы атындағы  №48 мектеп-лицейі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен шара мазмұнға бай, тағылымға толы болып, көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараға қала мектептерінен 40-тан астам ұстаздар қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Отырыстың мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары негізінде педагогикалық инновациялық қызметінің тәжірибелерін жинақтауға, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға мүмкіндік жасау болса, іс-шараға қатысушылар Ұлт ұстазының еңбектерін зерттеу, оның кемел идеяларын жас өркеннің оқу-тәрбиесі ісіне тиімді пайдалану, ұлы ғұламаның өшпес бай мұрасын насихаттауда еселі еңбек етіп, ізденгендіктерін көрсете білді. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары қазақ білім мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Жиын қатысушылары ғұлама ғалымның еңбектері, педагогикалық инновациялық қызметі мен идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде «Тілді оқыту әдістемесі», «Мазмұн мен әдістеме», «Дамытушылық тәсіл», «Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру», «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Білім берудегі мысал өлеңдерді қолдану тәсілдері», «Мұғалімдердің оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуі мен педагогикалық тәжірибе алмасуы», «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріне зерттеу жүргізу» бағыттары түрінде тиімді қолдануға болады деген тұжырым жасады. Бұл еңбектер оқу-тәрбие үрдісін жаңғыртуға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

103.jpeg - 187.73 kB  102.jpeg - 167.12 kB