Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң мен Тәртіп” жобасы аясында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының прокуроры Секенова Ботагоз Базархановна, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алимханов Абзал Куанышевич, Астана қаласы Алматы ауданы борйынша Балалар және отбасы істері бөлімінің маманы Бекжанова Индира Лесбековна, Астана қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының әдіскері Айтхожина Айгул Сериковна, Астана қаласы Алматы ауданы ПБ полиция подполковнигі Бегалиев Рауан Асетович, Психологиялық қолдау орталығының” маманы Айдана Ерденовналар қатысып, жоғары сынып оқушыларына жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, тәртіп бұзушылықтың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында «Тоғыз тағдыр: өмірді айқындайтын таңдау» фильмінен үзінді көрсетіліп, фильм желісіндегі оқиғалар бойынша сала мамандарымен бірге оқушылармен талқылау жұмыстары жүргізілді.

4 қыркүйек 2026 жылы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл мұрасы: ізденіс пен шығармашылық» атты танымдық-шығармашылық кездесу өтті.
Кездесуге елордадағы жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтері қатысты.
Кездесудің мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық, ағартушылық және ғылыми мұрасын зерделеу, оның ұлттық білім беру идеяларын бүгінгі педагогикалық тәжірибемен сабақтастыру.
Кездесу барысында Тіл білімі институтының заманауи ғылыми зерттеулері, ұлттық білім моделінің негіздері және Ұлт ұстазының ағартушылық идеялары талқыланды.
Спикерлер Мадияр Қазыбек пен Ұлан Оралұлы Еркінбаев өзекті тақырыптарда ой бөлісті.
Іс-шара соңында «Ой алаңы» форматында педагогтер мен спикерлер арасында ашық пікір алмасу өтіп, Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын білім беру үдерісінде насихаттау мәселелері талқыланды.

 

 

1 қыркүйек – барша білім алушы мен ұстаз қауымы үшін ерекше мереке. Осы айтулы күні мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт, жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға арнайы қонақтар – Құрылтай депутаты Сайыр Ерлан Биахметұлы, ардагер ұстаздар Момынқұлова Алтын Момысқызы және Мара Жамбыловна қатысып, оқушыларға ақжолтай тілектерін білдірді.
✨ Жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше сәттерге толы күн болды.
📖 Іс-шара барысында мектебіміздің 11-сыныптағы үздік оқушылары 1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндерге Әліппе кітаптарын сыйлап, оларға білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдарында сәттілік тіледі.
Бұл – ұрпақ сабақтастығын, білімге деген құрмет пен мектеп дәстүрінің жалғастығын айшықтаған әсерлі сәт болды.
🎓 Жаңа оқу жылы әр оқушыға жаңа жетістіктер, жарқын мүмкіндіктер мен биік белестер әкелсін!
Барша ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды Білім күнімен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылына сәттілік пен толағай табыс тілейміз!