Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Алаш арысы – Ахмет» тақырыбында өткізілген тағылымды кездесу туралы анықтама


Бүгін мектебімізде музыка өнерін ұлттық рухпен өрнектеп жүрген Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі талантты композитор Едресов Қанат Уәлиұлымен тағылымды кездесу сағаты өтті Кездесу барысында оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне арналған бейнеролик көрсетіліп ұлт көсемінің өлеңдері мен мысалдары оқылды Сондай-ақ Қанат Уәлиұлының өзі әнін жазған «Ұлтымның ұлы ұстазы!» туындысы орындалып шараға ерекше мазмұн мен рух берді Іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға және рухани дүниесін байытуға ықпал етті

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DSC1SVxCDGL/

“Qarzhy Sagshysy” қаржылық сауаттылық ойыны туралы анықтама


Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде “Qarzhy Sagshysy” жасөспірімдерге арналған оқыту ойыны өткізілді Ойынға 11-сынып оқушылары қатысып қаржылық сауаттылық жауапты шешім қабылдау және жеке бюджет жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады Іс-шара оқушыларға қаржы жүйесін түсінуге ақшаны тиімді басқарудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді Осындай практикалық форматтағы шаралар жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын жетілдіруге зор ықпал етеді

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DSHNeIICOrI/

Бүгін мектебіміздің кітапханасында 3 “Б” сынып оқушыларымен «Ертегі – тәрбие көзі» атты ертегі әлеміне саяхаттан тұратын танымдық сағат ұйымдастырылып өткізілді Іс-шараның негізгі мақсаты халық ауыз әдебиетінің баға жетпес қазынасы ертегілер арқылы оқушыларға ізгілік еңбекқорлық мейірімділік адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту болды Шара барысында балалар “Қу қой” “Ара мен шегіртке” “Етікші” “Әжесі мен немересі” сияқты қазақ ертегілерін қойылым түрінде сахналады Сонымен қатар “Ертегі әлемінде” құндылық қобдишасы арқылы ойындар өткізілді Ертегі кейіпкерлерін сомдаған шағын көріністер қойылды “Менің сүйікті ертегім” бұрышы ұйымдастырылды Танымдық сағат балалардың қиялын дамытып кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды Кітапхана жақсылыққа жетелейтін ертегі әлемінің есігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQ_tq5GCPnP/

Бүгін мектебіміздің 1 «А», «Ә», «Б» академия сыныптарында ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара барысында ата-аналар сабақтарға қатысып, балаларының мектептегі алғашқы оқу жетістіктерімен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Сабақ кезінде оқушылар белсенділік танытып, топтық тапсырмаларды орындап, өз ойларын еркін жеткізді. Академия сыныптарында оқыту оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, қызығушылықтарын арттыруға және өз пікірін еркін айтуына бағытталған. Сабақтар ойын элементтері мен зерттеу тәсілдері арқылы ұйымдастырылып, әрбір оқушыға жеке көңіл бөлінді. Аталған ашық есік күні ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, мұғалімдермен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Іс-шара жылы әрі жағымды атмосферада өтті.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQwaI0wCC3R/

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру бойынша маңызды кездесу өткізілді Түркияның Tassarı Academy мамандары 10–11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында таныстырма жұмыстары жүргізді Оқушылар академия мамандары дайындаған тапсырмаларға қатысып өз білімдерін көрсетті және жеңілдіктер ұтып алу мүмкіндігіне ие болды 100% грант иегері 10 «Ә» сыныбынан — Қайыржан Аружан 50% жеңілдік иегерлері 11 «А» сыныбынан — Ниятқұл Нұрислам 11 «В» сыныбынан — Қожанқұл Диана болып анықталды Жеңімпаздар шын жүректен құттықталды Кездесу оқушылардың кәсіби таңдауына бағыт беріп болашаққа деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DRU1kW7iM8l/

 

Бүгін мектебімізде 1–2 сынып оқушылары арасында «Future Researchers» жобалық көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. Кішкентай қатысушылар өздерінің зерттеу және шығармашылық жобаларын таныстырып, түрлі тәжірибелер жасап, ерекше идеяларын ортаға салды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ойлау, зерттеу, шығармашылық және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ сандық және функционалдық сауаттылығын арттыру болды. Әр топ өз жобасын сенімді қорғап, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды. Көрме барысында балалардың ынтасы мен шығармашылық қабілеттері байқалып, әсерлі сәттер мен қуанышты жүздер естелікке айналды. Іс-шара болашақ ғалымдарға шабыт беріп, жаңа жетістіктерге ұмтылуға жағдай жасады.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQw3iT1iAyz/

«Заң және Тәртіп: балалардың көзқарасымен»

Бүгін оқушыларымыз қоғамдағы заң, тәртіп және жауапкершілік туралы өз көзқарастарын білдіріп, маңызды ойларымен бөлісті.
Әр бала — болашақ азамат. Олардың әділдік, қауіпсіздік және тәртіп жайлы пікірлері біз үшін өте құнды.

Осындай челлендждер арқылы оқушыларымыздың құқықтық мәдениеті қалыптасып, азаматтық ұстанымы нығая түседі.

Жарайсыңдар, балалар! 👏
Жаңашылдыққа, ізденіске, ой еркіндігіне әрдайым жол ашық!

Сілтеме https://www.instagram.com/reel/DRgciAcCKji/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Мектебімізде ерекше әрі маңызды шара — мектеп парламентінің ұлықтау рәсімі өтті 2025–2026 оқу жылына арналған жаңа мектеп басшылығы таныстырылып өз міндеттеріне ресми түрде кірісті Мектеп президенті Абдижапаров Ринат Вице-президент Медетқызы Мадине болып сайланды Сонымен қатар жаңа парламент құрамындағы фракция министрлері таныстырылды Ақпарат және медиа фракциясының министрі — Есенеева Анель Эко қоғам фракциясының министрі — Ниятқұл Нұрислам Білімпаз фракциясының министрі — Тұрдыбай Назерке Мәдениет фракциясының министрі — Ерболат Сәулет Азаматтық фракцияның министрі — Аралбек Абай Салауат фракциясының министрі — Қуатжанов Айқын Жаңа басшылыққа үлкен сенім артып алдағы оқу жылында мектеп өмірін жандандырып жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол ашатынына нық сенім білдірілді

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DRUZIe5iII4/

«Заң сенен басталады»
Оқушылар арасында ұйымдастырылған челлендждің басты мақсаты – заңға құрметпен қарау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың жауапкершілігін сезіндіру.
Заңды білу – міндет, заңды сақтау – борыш!
Болашағымыз – заңға бағынған саналы ұрпақтың қолында.

Сілтеме- https://www.instagram.com/reel/DTuENoECOMO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Ерлік» сабағы туралы анықтама


Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына және 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ерлік» сабағы өткізілді Сабақ барысында аты аңызға айналған батырдың ерлігі отансүйгіштік қасиеті мен елге адал қызмет етуі жайлы тағылымды әңгімелер айтылды Іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру батыр бабаларымыздың ерлігін үлгі етіп тәуелсіз елдің қадір-қасиетін ұғындыру болды

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DSRgM7ziHyt/