Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтарының жұмысы аясында мектебімізде «Біріңғай ашық есік» күні ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, оқу процесі барысында жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру болды. Іс-шара аясында ата-аналармен тұрақты байланыс орнатылып, балалардың оқу жетістіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылардың пікірлері тыңдалып, өзара сенім мен қолдауға негізделген жылы атмосфера қалыптастырылды. Оқу процесі үшін қолайлы әрі қолдаушы орта құруға ерекше назар аударылды. Бұл іс-шара ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушылардың табысты дамуына оң ықпал етті.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQolIEDiH63/

 

 

                  

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде “Ашық есік” күні негізінде «Оқушылардың эмоциялық жағдайларына қалай түсіністікпен қарауға болады?» тақырыбында workshop (шеберлік сабағы) ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – аналар мен жеңгелерге баланың эмоциялық жайлылығын қамтамасыз ету, дұрыс таңдау жасау және тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету болды. Workshop барысында қатысушылар баланың ішкі сезімін түсіну мен тыңдай білудің маңызын талқылап, жағымды қарым-қатынас орнату тәсілдерін меңгерді, сондай-ақ түрлі жағдаяттар арқылы өзара пікір алмасты. Жылы әрі еркін форматта өткен кездесуде аналар мен жеңгелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, баланың эмоциялық жағдайын сезіне білу оның дамуы мен оқу жетістігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін атап өтті. Іс-шараны ұйымдастырған:
Сарсембетова Қ.С., Акбанова Ж.А., Ботина М.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQojEYziJBB/

Мектебімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жалпы мектептік сейсможаттығу, объектілік жаттығу және өрт жағдайындағы эвакуациялық жаттығулар ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйрету.

Жаттығу барысында барлық қатысушылар белсенділік танытып, эвакуациялау ережелерін талапқа сай орындады. Іс-шара жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, өз деңгейінде өтті.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQOvEwBiF93/

 

“Алматы” ауданы мектептері ұстаздары арасында ұйымдастырылған волейбол турниріне орай А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің ұстаздары қатысып, жоғары ойын шеберлігін көрсетті.

Аталған турнир барысында мектебіміздің командасы жүлделі III орынды иеленді. Сонымен қатар, Ахметов Темірлан тамаша ойын өрнегін көрсетіп, «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.

Бұл спорттық іс-шара ұстаздар арасындағы командалық рухты арттырып, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQOtqNFiPNn/?img_index=1

 

Республика күніне орай А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде жас мамандардың ұйымдастыруымен “Жастар рухы – ел ертеңі” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше рухани серпіліс сыйланды. Сонымен қатар, ұстаздар дайындаған сахналық қойылым ұсынылып, онда еліміздің тарихы мен бірлік құндылықтары көрініс тапты.

Мектеп ұстаздары қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, туған елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жеткізе білді. Өнерлі ұстаздардың қатысуымен өткен бұл шара мерекенің маңызын айқындай түсіп, жас буынның патриоттық сезімін арттыруға ықпал етті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға әсерлі көңіл-күй сыйлады. Шараның негізгі мақсаты – ел ертеңі саналатын жастардың рухын көтеру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQMRKpeCKNM/

 

Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы, Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі және “Құрмет” еркін ұстаздар қауымдастығының ұйымдастыруымен қалалық білім беру ұйымдарының педагогтары арасында “Құрмет” атты зияткерлік куиз ойыны өткізілді.

Аталған шараға мектебіміздің жас ұстаздары қатысып, “4-8-48” командасы құрылды. Команда 25 мектептің ішінен үздік нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі 3-орынды иеленді және бағалы сертификаттармен марапатталды.

 Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQHLT-SiNBs/

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде қалдықтарды бөліп жинау бойынша эко–мәдениетті қалыптастыру жөніндегі №98 келісім аясында 6–8 сынып оқушыларымен жиын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға баулу және қалдықтарды дұрыс бөлу дағдыларын қалыптастыру болды. Жиын барысында қалдықтарды құрғақ және ылғалды фракцияларға бөлу туралы түсінік беріліп, негізгі ережелер түсіндірілді.

Іс-шараға 6–7 сыныптардан 173 оқушы қатысып, экология тақырыбына қызығушылық танытты.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQEy2LHiGbP/

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 1-сынып оқушыларымен қалыптасу сабақтары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мектеп өмірімен таныстыру, әртүрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру және олардың қызығушылықтарын дамыту болды.

Сабақтар барысында оқушылар:

-түрлі қолөнер түрлерімен танысып, әдемі бұйымдарды тамашалады;

-мектеп ішіндегі пән кабинеттеріне экскурсия жасап, кітапханамен және мектеп ережелерімен танысты;

-әртүрлі мамандық иелерімен кездесіп, болашақта кім болғысы келетіні туралы армандап көрді.

Іс-шара оқушылардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, өзара достасып, алғаш білім әлеміне бейімделуіне ықпал етті.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQEx_gLCM4m/

25 қазан – Республика күніне орай А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде апталықтың салтанатты ашылуы өткізілді. Апталықтың ашылуын мектебіміздің жас мамандары ұйымдастырып, іс-шара қызықты әрі әсерлі ойындармен бастау алды.

Шараға ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде қатысып, мерекелік көңіл-күйде түрлі қызықты сәттерге куә болды. Іс-шара барысында Отанға деген сүйіспеншілік, бірлік пен патриоттық рух айқын сезілді.

Мерекелік апталықтың ашылуы жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға оң әсер қалдырды.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQBACzqCHy-/

✨ «Ұлы тұлғалар ізімен: рухани мұрадан болашаққа» ✨

Қазанның 13-і күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы өз шымылдығын түрді! ?
Бұл апталық – ұлт руханиятының алтын өзегін танытып, сөз құдіреті мен рух биігін дәріптейтін ерекше мереке.

Ашылу рәсімі ерекше форматта өтті: қазақтың ұлы тұлғалары бейнеленген фотоколлаждар, ұлттық нақыштағы бұйымдар мен безендірулер, ән мен жыр, өрнек пен өнер көріністері көрермен жүрегіне жылылық сыйлады. ?
Оқушылар мен мұғалімдер қазақтың асыл мұрасына қатысты түрлі танымдық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен шығармашылықтарын ортаға салды.

? Аптаның әр күні — бір ұлы тұлғаның есіміне арналмақ:
? Ахмет Байтұрсынұлы: Ахмет мұрасы - мәңгілік мұра
? Абай Құнанбайұлы: Абай күні - руханият мерекесі
? Міржақып Дулатұлы: “Оян, қазақ!” - мәңгілік ұран
⚔️ Бауыржан Момышұлы: Ұшқан ұя - ұлттың ұлағаты
✍️ Жұбан Молдағалиев: Жұбан жыры - ел жүрегінде
? Шәмші Қалдаяқов: Ән - өмірдің ажары

Әр күн – жаңа рухани кеңістік, жаңа шабыт, жаңа серпіліс! ?
Бүгінгі ұрпақ – кеше өткен ұлы тұлғалардың ізін жалғар алтын көпір.

Ұлттың рухани мұрасы – болашақтың темірқазығы.
Сондықтан апталық аясындағы әр іс-шара – тек білім емес, рух пен жүрек сабақтастығының көрінісі. ?