2025-2026 оқу жылындағы мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Жас маман – жаңа көзқарас, тәлімгер – бағыт беруші» тақырыбында әдістемелік кеңес отырысы болып өтті. Әдістемелік кеңестің мақсаты – жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, тәлімгерлік жұмыстың тиімділігін арттыру, тәжірибе алмасу арқылы сабақ сапасын жақсарту.
Кеңес барысында тәлімгер мен жас маман арасындағы өзара ынтымақтастық, кәсіби қолдау көрсету жолдары, сабаққа дайындық, әдістемелік қиындықтарды шешу, тиімді кері байланыс беру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, жас мамандардың заманауи көзқарасы мен жаңашыл әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізу жолдары талқыланды.
Әдістемелік кеңес қорытындысы бойынша тәлімгерлік жұмысты жүйелі жүргізу, жас мамандарға әдістемелік қолдауды күшейту, тәжірибе алмасу бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.






