2026 жылдың 12 мамыр күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей базасында «Ғылымдағы табыс: еңбек, ізденіс және табандылық» тақырыбында Рахметқажы Берсімбай Іскендірұлы қатысуымен тағылымды кездесу сағаты өтті.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға биология ғылымының заманауи бағыттары туралы түсінік беру, ғалымның өмір жолы мен ғылыми жетістіктері арқылы ғылымға қызығушылықтарын арттыру және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға Грайфсвальд университеті Ботаника және ландшафт экологиясы институтының директоры, профессор Мартин Шниттлер арнайы қонақ ретінде қатысты. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессорлары Р.К. Татаева, Ж.М. Мукатаева, Н.Л. Шапекова, доцент Ж.М. Базарбаева, Токсобаева Г.А., Нурмухамбетова Г.С., Арипова А.А., Айнагулова Г.С. қатысып, оқушылардың ғылыми жобалар көрмесімен танысты. Қонақтар жас зерттеушілердің жұмыстарына жоғары баға беріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Кездесу барысында мектеп директоры Қияқбай Нұрила Бақтиярқызы алғысөз сөйлеп, Рахметқажы Берсімбай Іскендірұлы ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын жеткізді. Оқушылар биология және медицина ғылымдарына қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, еркін сұхбат алаңында ғалыммен пікір алмасты.
Кездесу соңында жаратылыстану бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ғалымның арнайы стипендиясымен марапатталды.
Іс-шараның екінші бөлімінде профессор Неля Лұқпанқызы Шапекованың ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында емен ағашының ақжелкендерін отырғызу рәсімі өткізілді. Кездесу соңында мектебіміздің өнерлі жұлдыздары Нұржанұлы Нұрхан мен Ділдәбек Дәуренбек әсем әндерін орындап, жиынның көркін аша түсті.






