Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясындағы

«8 МИНУТТЫҚ ОҚУ» жобасының жүргізілу анықтамасы

Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарасын кеңейту.

Міндеттері:

  • Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
  • Танымдық көзқарасты кеңейту үшін жоспарлы түрде кітап оқуды дамыту;
  • Кітап оқу мәдениетін, дағдысын қалыптастыру;
  • 8 минуттық кітап оқу дағдысын күнделікті оқу процесіне енгізу.

«8 минуттық оқу» жобаның ережесіне сәйкес күнделікті әр ауысымның бірінші сабағы 8 (сегіз) минуттық көркем әдебиет кітабын оқудан басталуы тиіс. Әр педагог сабақтың алдында оқушыларға көркем әдебиет кітабын оқуды ұсынады, сегіз минут өткен соң, барлық оқушылар кітаптарын жауып екі минут тынығып алып, мұғалім сабақты бастайды. Оқушыларға оқуға ұсынған кітап олар электронды форматта және қағаз түрінде де болуы мүмкін. Педагог сыныпқа «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясындағы кітаптарды ұсына алады. Кітаптың көшірмесін жасап, пайдалануға болады.

Оқушылар: сыныпта тыныштық орнатып, жеке оқу көзделеді (ішінен), яғни ол топтық оқу немесе педагогтің дауыстап оқуын, ал сынып оны тындауларын көздемейді. Жобаның талаптарына сәйкес әр оқушы өзінің жеке оқу техникасын пысықтауы керек.

Педагогтер: мұғалімге сегіз минуттық оқу кезінде педагогикалық-психологиялық кітаптарды оқуына кеңес беріледі.

 

Жобаны жүзеге асыруға жауаптылар:

  • Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.
  • Кітапханашылар.
  • Сынып жетекшілер

Жобаның өткізілетін мерзімі және тәртібі

Айына бір рет (әр айдың екінші аптасында) ата-анасымен бірге кітап оқулары жүргізіледі және оқыған кітаптарының нәтижелерін қорытындылау мақсатында әр айдың соңғы жетісінде «Readx» форматындағы іс-шара өткізіледі. Әр апта сайын төмендегі сыныптар белгіленген күні сапалы түрде видео ролик жасап кітапханашыларға жолдап отырады.

  • Дүйсенбі – 4,8-сыныптар
  • Сейсенбі – 3,9-сыныптар
  • Сәрсенбі – 2,10,11-сыныптар
  • Бейсенбі – 5,6-сыныптар
  • Жұма – 7-сыныптар

 

«8 минуттық оқу»  жобасы әр ай сайын әр түрлі тақырыпта шығармалар ұсынып отырамыз. Желтоқсан айында оқылатын шығармалар.

  • Кіші буын оқушыларына – Қазақ ертегілері (Әжемнің ертегісі), Ы. Алтынсарин әңгімелері, Алдар көсе ертегісі.
  • Орта буын оқушыларына – “Қобыланды батыр”(Батырлар жыры ), “Қырық мысал”(А.Байтұрсынұлы), “Балалық шаққа саяхат”(Б. Соқпақбаев) .
  • Жоғарғы буын оқушыларына - “Қызыл жебе”(Ш.Мұртаза),“Әке”(Т. Әбдік)

“Еңілік - Кебек”

Қорытынды:

«8 минуттық оқу» жобасы оқушылардың қысқа уақыт ішінде ақпаратты тиімді қабылдауына, мәтін мазмұнын жылдам талдап, негізгі идеяларды анықтау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқу дағдыларын жүйелі түрде қалыптастыруға көмектеседі. Жоба барысында оқушылар тек мәтінді түсінуді ғана емес, сонымен бірге ойлау, салыстыру, қорытынды жасау және өз пікірін дәлелдеуді үйренеді.