Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ағымдағы жылдың 25 қараша күні ерекше білім беруді қажет ететін 7–10 сынып оқушылары арасында «Болашаққа қадам» байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Байқаудың басты мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың қабілеттерін дамыту, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық әлеуетін қолдау. Биылғы сайысқа елорданың түрлі білім беру ұйымдарынан барлығы 63 оқушы қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін ортаға салды.

Аталған байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі оқушылары да белсенді қатысып, үш номинация бойынша өнер көрсетті. Нәтижесінде мектеп намысын қорғаған оқушылар жүлделі жетістіктерге қол жеткізді.

«Болашақ әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша 9 «Г» сынып оқушысы Бекболат Бексұлтан грамотамен марапатталды.

«Болашақ кәсіпкер» номинациясында 8 «Г» сынып оқушысы Жаладдинова Назым жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІ жүлделі орынға ие болды.

Ал «Болашақ шебер» номинациясы бойынша 8 «Д» сынып оқушысы Серікбай Зәбира грамотамен марапатталды.

Жас дарындарды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай жетістіктеріңіз арта берсін. Білім мен еңбектің арқасында алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел мақтанышына айналатын азаматтар болуларыңызға тілектеспіз. Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!