Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2026 жылдың 30 қаңтар күні ерекше білім беруді қажет ететін 1–4 сынып оқушылары арасында «Мен және менің достарым» атты қалалық бейнероликтер байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ олардың бойында достық, өзара сыйластық және толеранттылық сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыру.

Сайысқа елорданың білім беру ұйымдарынан барлығы 95 оқушы қатысты. Оның ішінде:

  • І санат (1–2 сынып) – 48 оқушы;
  • ІІ санат (3–4 сынып) – 47 оқушы.

Аталған байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі оқушылары да белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстары арқылы достықтың маңызын ерекше жеткізе білді.

Байқауға:

  • 1 «В» сынып оқушысы Баймұрат Сафия (жетекшісі – Сәуле Оразбаевна),
  • 4 «Б» сынып оқушысы Қайырбек Айсұлтан (жетекшісі – Қаракөз Серікбаевна) қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 4 «Б» сынып оқушысы Қайырбек Айсұлтан ІІІ жүлделі орынға ие болды.

Осы жетістігімен Қайырбек Айсұлтанды және жетекшісі Қаракөз Серікбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

Жас дарынға шығармашылық табыс, білім жолында жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз. Алдағы уақытта да талмай еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіздер! ✨📚