Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Елордада паралимпиялық спорт түрі – «Бочча» бойынша «Самұрық» кубогына арналған қалалық жарыс өтті. Аталған сайыс ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі оқушылары жарысқа белсенді қатысып, мектеп намысын абыроймен қорғады. Сайысқа 9 «Г» сынып оқушысы Нұрболат Бексұлтан, 8 «Г» сынып оқушысы Жаладдинова Назым және 5 «Г» сынып оқушысы Капсалям Алдияр қатысты.

Жарыс барысында оқушылар жоғары дайындық деңгейін, белсенділік пен табандылықтарын көрсетті. Нәтижесінде жас спортшылар жүлделі марапаттарға ие болды.

Жас спортшыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай жеңістеріңіз көп болып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.