Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана дарыны дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ерекше білім беруді қажет ететін 5–8 сынып оқушыларына арналған «Айқын» қалалық мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және талантты жастарды қолдау.

Аталған байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі оқушылары да белсенді қатысып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Мектеп намысын қорғаған қатысушылар қатарында 5-сынып оқушысы Капсалям Алдияр және 8-сынып оқушысы Жаладдинова Назым бар. Олар мәнерлеп оқу барысында көркем сөздің мәнін терең жеткізіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Осындай шығармашылық байқауларға қатысу оқушылардың сахна мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік береді.

Қатысушы оқушыларымызды белсенділіктері үшін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім мен өнер жолында биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз. Шығармашылық шабыттарыңыз артып, жарқын жеңістеріңіз көбейе берсін! ✨📚🎤