Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

 

1 қыркүйек – барша білім алушы мен ұстаз қауымы үшін ерекше мереке. Осы айтулы күні мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт, жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға арнайы қонақтар – Құрылтай депутаты Сайыр Ерлан Биахметұлы, ардагер ұстаздар Момынқұлова Алтын Момысқызы және Мара Жамбыловна қатысып, оқушыларға ақжолтай тілектерін білдірді.
✨ Жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін алғашқы қоңырау соғылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше сәттерге толы күн болды.
📖 Іс-шара барысында мектебіміздің 11-сыныптағы үздік оқушылары 1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндерге Әліппе кітаптарын сыйлап, оларға білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдарында сәттілік тіледі.
Бұл – ұрпақ сабақтастығын, білімге деген құрмет пен мектеп дәстүрінің жалғастығын айшықтаған әсерлі сәт болды.
🎓 Жаңа оқу жылы әр оқушыға жаңа жетістіктер, жарқын мүмкіндіктер мен биік белестер әкелсін!
Барша ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды Білім күнімен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылына сәттілік пен толағай табыс тілейміз!