Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

4 қыркүйек 2026 жылы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл мұрасы: ізденіс пен шығармашылық» атты танымдық-шығармашылық кездесу өтті.
Кездесуге елордадағы жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтері қатысты.
Кездесудің мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық, ағартушылық және ғылыми мұрасын зерделеу, оның ұлттық білім беру идеяларын бүгінгі педагогикалық тәжірибемен сабақтастыру.
Кездесу барысында Тіл білімі институтының заманауи ғылыми зерттеулері, ұлттық білім моделінің негіздері және Ұлт ұстазының ағартушылық идеялары талқыланды.
Спикерлер Мадияр Қазыбек пен Ұлан Оралұлы Еркінбаев өзекті тақырыптарда ой бөлісті.
Іс-шара соңында «Ой алаңы» форматында педагогтер мен спикерлер арасында ашық пікір алмасу өтіп, Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын білім беру үдерісінде насихаттау мәселелері талқыланды.