Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҮЙІРМЕЛЕР

Мектеп-лицейімізде 1–2 сынып оқушыларының жан-жақты дамуына жағдай жасалып, академиялық бағыттағы бағдарлама мен түрлі бағыттағы қосымша үйірмелер ұйымдастырылады.

🎓 1–2 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БАҒДАРЛАМА

Бұл сыныптарда оқушыларға негізгі мектеп бағдарламасымен қатар, сингапурлық әдістеме негізінде қосымша сабақтар мен дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізіледі.

Бағдарлама баланың:

  • логикалық ойлауын дамытуға;
  • зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға;
  • шығармашылық қабілеттерін шыңдауға;
  • ағылшын тілін тереңдетіп меңгеруіне;
  • спорттық және интеллектуалдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Күн тәртібі:

08:50 – 11:35 – Негізгі мектеп бағдарламасы
(Әліппе, Математика, Дүниетану, Ана тілі және т.б.)

11:35 – 12:30 – Relax Time
(демалыс, ойын, сергіту сәттері)

12:30 – 17:35 – Сингапурлық бағдарлама:

  • Сингапур математикасы
  • Art (бейнелеу өнері, шығармашылық)
  • English (тереңдетілген ағылшын тілі)
  • Science (жаратылыстану тәжірибелері)
  • Робототехника
  • Шахмат
  • Карате
  • Хореография

💰 Бағасы: 70 000 тг / ай

Академия сыныптары – баланың тек білім алуына ғана емес, әр қырынан дамуына мүмкіндік беретін біртұтас білім беру ортасы. Негізгі оқу бағдарламасы мен сингапурлық бағыттағы қосымша сабақтардың үйлесуі арқылы оқушылардың білімге қызығушылығы, дербестігі, шығармашылығы және практикалық дағдылары жүйелі түрде дамытылады.