Мектепішілік президент сайлауы өткізілді
2025 жылғы 17 қазанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде мектепішілік президент сайлауы өткізілді.
Сайлау үдерісі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, ашықтық пен әділдік қағидалары толық сақталды. Оқушылар сайлауға жоғары белсенділік танытып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіре отырып, дауыс беру процесіне белсене қатысты.
Сайлау нәтижелері төмендегідей:
- Аралбек Абай – 60 ұпай
- Ерболат Сәулет – 18 ұпай
- Медетқызы Мадине – 61 ұпай
- Абдижапаров Ринат – 62 ұпай
Дауыс беру қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған Абдижапаров Ринат мектеп президенті болып сайланды.
Аталған іс-шара оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды. Сайлау белгіленген талаптарға сай жоғары деңгейде өткізілді.
Сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DP5_Q7jCFh6/






