Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мектебімізде 0-4 бастауыш сынып оқушыларына арналған Жаңа жыл мерекесі ерекше көңілді әрі әсерлі өтті. Бұл мерекені мектебіміздің белсенді өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ұйымдастырып, кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Шара барысында түрлі қызықты аниматорлар, көңілді ойындар, би мен мерекелік бағдарламалар ұсынылып, балалар жаңа жылдық ертегі әлеміне енгендей әсер алды. Оқушылардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мерекенің ең әдемі сәттеріне айналды.

Осындай тамаша шара ұйымдастырған белсенді оқушыларымызға үлкен алғыс білдіреміз! 🌟
Жаңа жыл баршаңызға бақыт, денсаулық және мол қуаныш әкелсін! 🎉

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DSuSmhnCEj9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==