Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін мектебіміздің 1 «А», «Ә», «Б» академия сыныптарында ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара барысында ата-аналар сабақтарға қатысып, балаларының мектептегі алғашқы оқу жетістіктерімен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Сабақ кезінде оқушылар белсенділік танытып, топтық тапсырмаларды орындап, өз ойларын еркін жеткізді. Академия сыныптарында оқыту оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, қызығушылықтарын арттыруға және өз пікірін еркін айтуына бағытталған. Сабақтар ойын элементтері мен зерттеу тәсілдері арқылы ұйымдастырылып, әрбір оқушыға жеке көңіл бөлінді. Аталған ашық есік күні ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, мұғалімдермен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Іс-шара жылы әрі жағымды атмосферада өтті.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQwaI0wCC3R/