Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Бүгін мектебімізде 1–2 сынып оқушылары арасында «Future Researchers» жобалық көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. Кішкентай қатысушылар өздерінің зерттеу және шығармашылық жобаларын таныстырып, түрлі тәжірибелер жасап, ерекше идеяларын ортаға салды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ойлау, зерттеу, шығармашылық және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ сандық және функционалдық сауаттылығын арттыру болды. Әр топ өз жобасын сенімді қорғап, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды. Көрме барысында балалардың ынтасы мен шығармашылық қабілеттері байқалып, әсерлі сәттер мен қуанышты жүздер естелікке айналды. Іс-шара болашақ ғалымдарға шабыт беріп, жаңа жетістіктерге ұмтылуға жағдай жасады.

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQw3iT1iAyz/