Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін мектебіміздің кітапханасында 3 “Б” сынып оқушыларымен «Ертегі – тәрбие көзі» атты ертегі әлеміне саяхаттан тұратын танымдық сағат ұйымдастырылып өткізілді Іс-шараның негізгі мақсаты халық ауыз әдебиетінің баға жетпес қазынасы ертегілер арқылы оқушыларға ізгілік еңбекқорлық мейірімділік адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту болды Шара барысында балалар “Қу қой” “Ара мен шегіртке” “Етікші” “Әжесі мен немересі” сияқты қазақ ертегілерін қойылым түрінде сахналады Сонымен қатар “Ертегі әлемінде” құндылық қобдишасы арқылы ойындар өткізілді Ертегі кейіпкерлерін сомдаған шағын көріністер қойылды “Менің сүйікті ертегім” бұрышы ұйымдастырылды Танымдық сағат балалардың қиялын дамытып кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды Кітапхана жақсылыққа жетелейтін ертегі әлемінің есігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді

Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DQ_tq5GCPnP/