Ахмет Байтұрсынұлының атылған күні мен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 7–8 сынып оқушыларымен бірге “АЛЖИР” мемориалды-мұражайына сапар ұйымдастырылды Сапардың мақсаты оқушыларға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы сынды арыстарымыздың тағдырын АЛЖИР лагеріндегі тарихи шындықтарды терең түсіндіру өткеннің ауыр сабақтары арқылы тәуелсіздіктің қадірін сезіндіру тарихи сана мен ұлттық рухты қалыптастыру болды Мұражайдағы әрбір экспозиция балаларға терең әсер қалдырып тарихқа деген қызығушылықтарын арттырды Өткенге тағзым еткен ұрпақ қана елінің ертеңін жауапкершілікпен сезінеді





