«Алаш арысы – Ахмет» тақырыбында өткізілген тағылымды кездесу туралы анықтама
Бүгін мектебімізде музыка өнерін ұлттық рухпен өрнектеп жүрген Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі талантты композитор Едресов Қанат Уәлиұлымен тағылымды кездесу сағаты өтті Кездесу барысында оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектеріне арналған бейнеролик көрсетіліп ұлт көсемінің өлеңдері мен мысалдары оқылды Сондай-ақ Қанат Уәлиұлының өзі әнін жазған «Ұлтымның ұлы ұстазы!» туындысы орындалып шараға ерекше мазмұн мен рух берді Іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға және рухани дүниесін байытуға ықпал етті





