✨ Ғылыми жобалар сайысында жүлделі ІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған Рахимбек Кәусарды шын жүректен құттықтаймыз!
Ізденіс пен табандылықты талап ететін бұл байқауда оқушы өз білімін, ғылыми ойлау қабілетін және зерттеушілік дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл жетістік – оқушының еңбегінің және ұстазы Хозыбай Айжанның бағыт-бағдары мен қолдауының нәтижесі.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ғылыми ізденіс жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!






