Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     

   

Жақында Ғылым және Білім беру қызметкерлері арасында жылдам шахматтан Астана қаласының чемпионаты өтті. 

Бұл чемпионат - 2026 жылғы Сенат Кубогының 1/8 финалы.  

Ақыл-ой сайысында 120-дан аса шахматшы бақ сынасты. 9 турдан құралған жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті. Әр ойыншыға 10 минут және  әр жүріске 5 секунд берілді.

Мектебіміздің төмендегі ұлағатты ұстаздары мектеп намысын қорғап, шахмат ойынының қыр-сырын игеріп, мол тәжірибе алып қайтты:

1. Сагимбаева Дария Мухтаровна

2. Шонова Алия Куанышбековна 

3. Радолда Естай 

4. Мұхтар Нұрдәулет Мұхтарұлы

5. Жиеналин Ғалымжан Бақытжанұлы

6. Исаев Сержан Издашович 

Ойын нәтижесі бойынша Сенат Кубогының 1/4 финалына шахмат мұғалімі Исаев Сержан жолдама алды. Құттықтаймыз!!!

Дүбірлі додаға белсене қатысқан шахматшы әріптестерімізге шексіз алғыс білдіреміз!!!  

Болашақта талантты ұстаздарымыздың биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!!!