
Жақында «Астана Дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің күнтізбелік жоспарына сәйкес балалар мен жасөспірімдер арасында «64» шаршылы дойбыдан Астана қаласының чемпионаты өтті. Аталған жарыс Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында өтті.
Ақыл-ой бәсекесі швейцариялық жүйе бойынша өтті.
Спортшылар төмендегі жас категориялары бойынша сынға түсті:
- 2018 жылы туған және одан төмен (қыздар, ұлдар)
- 2016-2017 жылы туған (қыздар, ұлдар)
- 2013-2015 жылы туған (қыздар, ұлдар)
Дойбы – логикалық ойлау мен зияткерлік қабілетті дамытатын спорт түрі. Бұл ойын оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету және ерікті әрекеттерді басқару қабілеттерін жетілдіреді.
Екі күнге созылған бұл сайыста елорданың әртүрлі мектептерінен келген тәжірибелі оқушылар бақ сынасты.
Мектебіміздің тәжірибелі оқушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
2016-2017 ж.т. қыздар арасында
1) 1 орын - Акдавлетова Айару, 3 А сынып
2) 3 орын - Нұрұш Айсана, 3 Б сынып
2013-2015 ж.т. ұлдар арасында
1) 1 орын - Естай Нұрали, 5 Б сынып
3) 3 орын - Миллат Дамир , 6 А сынып
Белсенді қатысушылар:
1) Төрехан Нұрислам - 3 В сынып
2) Жанбек Али - 1 Г сынып
3) Жамбылбек Райана - 1 Д сынып
4) Болатұлы Тәуекел - 1 В сынып
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль және кубок табыс етілді.
Осы жарыстың нәтижесі бойынша жеңімпаз, жүлдегер ойыншылар разрядтық норма орындап, дойбыдан Астана қаласының құрама командасына қабылданатын болады.
Талапты да талантты оқушыларымызды және олардың жаттықтырушысы Исаев Сержан Іздәшұлын жетістіктерімен құттықтаймыз!!!
Ерекше қолдау көрсеткені үшін ата-аналары мен сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз!!!





