«Ғажайып шахмат» турнирі өтті
«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» пәндері апталығы аясында мектебімізде «Ғажайып Шахмат» турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Шахмат – оқушының логикалық ойлауын, зияткерлік қабілетін, сабырлылығын және стратегиялық шешім қабылдау дағдысын дамытатын ерекше спорт түрі. Бұл ойын тек жеңіске жетуді ғана емес, әр қадамды ойланып жасауды, қарсыластың жүрісін алдын ала болжауды және жауапкершілікпен әрекет етуді үйретеді.
Екі жарым сағатқа созылған тартысты сайыста мектебіміздің тәжірибелі оқушылары бақ сынасты. Жас шахматшылар айналмалы жүйе бойынша өнер көрсетіп, өзара сынға түсті. Турнир барысында қатысушылар өздерінің білімін, шеберлігін, алғырлығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталды.
Нәтижесі төмендегідей:
Жүлдегерлер
- Сағынтаев Алихан – 1 орын, 4 А сынып оқушысы
- Бисембек Нұрали – 2 орын, 5 А сынып оқушысы
- Естай Нұрали – 3 орын, 5 Б сынып оқушысы
Белсенді қатысушылар
- Булат Али, 5 А сынып оқушысы
- Кабдуахит Ахмет, 5 А сынып оқушысы
- Миллат Дамир – 6 А сынып оқушысы
- Шамған Нұрәлі – 6 Ә сынып оқушысы
- Мәлік Айзере – 6 Б сынып оқушысы
- Тулеулин Эмир – 6 Б сынып оқушысы
- Садуақасов Тұрлыхан – 7 Ә сынып оқушысы
- Қален Қазыбек – 7 Б сынып оқушысы
- Оспан Нариман – 7 Б сынып оқушысы
- Серикова Самира – 7 Б сынып оқушысы
- Сүлейменова Хадиша – 8 Д сынып оқушысы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдармен марапатталды. Турнирдің сәтті өтуіне қолдау көрсеткен ата-аналар мен сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз.
Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жас шахматшыларымыздың зияткерлік сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.









