Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ой сандық» зияткерлік байқауында жүлделі жетістік!

Бүгін оқу және математикалық сауаттылық бағытында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндері мұғалімдеріне арналған «Ой сандық» зияткерлік байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Аталған байқауда мектебіміздің намысын қорғаған математика пәні мұғалімі Құмарханова Әсия мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рақымжанова Құралай жұптық сайыста өздерінің терең білімін, кәсіби шеберлігін және зияткерлік қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде ұстаздарымыз жұптық сайыста ІІ орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.

Сонымен қатар, сайыстың топтық кезеңінде де белсенділік танытып, шығармашылық ізденіс пен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ІІІ орынға қол жеткізді.

Байқау барысында қатысушылар оқу және математикалық сауаттылық бойынша түрлі тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, пәндер арасындағы байланысты тиімді қолдану дағдыларын көрсетті.

Мектеп ұжымы жеңімпаз ұстаздарымызды шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да білім беру саласында биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!