Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Зерттеу – білім беру өзгерістерінің қозғаушы күші» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында №48 мектеп-лицейінің педагогтері тәжірибелерімен бөлісті

2026 жылғы 29 мамырда өткен «Зерттеу – білім беру өзгерістерінің қозғаушы күші» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің педагогтері белсенді қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстары мен кәсіби тәжірибелерін республикалық деңгейде таныстырды.

Конференция барысында мектептен 9 мұғалім секциялық отырыстарда баяндама жасап, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, 10 педагог постерлік сессияға қатысып, өз жұмыстарын қорғап, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Конференцияның қорытынды бөліміндегі пікірталас алаңында мектеп директоры Нүрила Қияқбай сөз сөйлеп, білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан зерттеу топтарының қызметі, іс-әрекетті зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар және қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады.

Аталған конференция педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамытуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Мектептің кәсіби дамуына үлес қосып, зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп жүрген әріптестерімізге алғыс білдіреміз!