«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» пәндері апталығы аясында мектебімізде «Ғажайып Шахмат» турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Шахмат – оқушының логикалық ойлауын, зияткерлік қабілетін, сабырлылығын және стратегиялық шешім қабылдау дағдысын дамытатын ерекше спорт түрі. Бұл ойын тек жеңіске жетуді ғана емес, әр қадамды ойланып жасауды, қарсыластың жүрісін алдын ала болжауды және жауапкершілікпен әрекет етуді үйретеді.
Екі жарым сағатқа созылған тартысты сайыста мектебіміздің тәжірибелі оқушылары бақ сынасты. Жас шахматшылар айналмалы жүйе бойынша өнер көрсетіп, өзара сынға түсті. Турнир барысында қатысушылар өздерінің білімін, шеберлігін, алғырлығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталды.
Нәтижесі төмендегідей:
Жүлдегерлер
Белсенді қатысушылар
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдармен марапатталды. Турнирдің сәтті өтуіне қолдау көрсеткен ата-аналар мен сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз.
Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жас шахматшыларымыздың зияткерлік сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.




Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!
Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар
Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 17-26 қараша аралығында.
Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бүгін оқу және математикалық сауаттылық бағытында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндері мұғалімдеріне арналған «Ой сандық» зияткерлік байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Аталған байқауда мектебіміздің намысын қорғаған математика пәні мұғалімі Құмарханова Әсия мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рақымжанова Құралай жұптық сайыста өздерінің терең білімін, кәсіби шеберлігін және зияткерлік қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде ұстаздарымыз жұптық сайыста ІІ орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар, сайыстың топтық кезеңінде де белсенділік танытып, шығармашылық ізденіс пен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ІІІ орынға қол жеткізді.
Байқау барысында қатысушылар оқу және математикалық сауаттылық бойынша түрлі тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, пәндер арасындағы байланысты тиімді қолдану дағдыларын көрсетті.
Мектеп ұжымы жеңімпаз ұстаздарымызды шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да білім беру саласында биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!



Зияткерлік спорт түрлері саналатын шахмат пен дойбыдан 6 сынып оқушылары Миллат Дамир мен Нұрұш Айзере 2 және 3 разряд нормаларын шеберлікпен орындады.
Жақында "Баһадүр" спорт клубы қабырғасында Астана қаласының шахмат федерациясы бекіткен кестеге сәйкес шахматтан 3 разряд нормасын орындауға арналған біліктілік турнирі өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша өте тартысты өтті.
Ақыл-ой сайысына қаламыздың әр түрлі спорт клубтарынан, шахмат клубтарынан, мектептерінен тб іріктелген 26 ойыншы өзара сынға түсті. Аталған жарыста мектебіміздің талантты оқушысы, шахмат үйірмесінің тәрбиеленушісі Миллат Дамир да өз бағын сынады. Нәтижесінде ол мүмкін болған 9 ұпайдан 7 ұпай жинап, жүлделі 3 орын иеленіп, 3 разряд нормасын орындады.
Сонымен қатар, жақында Д.Бабатайұлы атындағы №89 мектеп-лицейінде "100" шаршылы дойбыдан Астана қаласының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада мектебіміздің мақтаныштары 6 Ә сынып оқушысы Нұрұш Айзере 2012-2014 жылы туған қыздар арасында, ал 6 А сынып оқушысы Миллат Дамир 2012-2014 жылы туған ұлдар арасында жүлделі 3ші орындарға ие болды. Қорытынды ұпай нәтижелері бойынша қос спортшымыз дойбыдан 2 разряд нормасын орындап, оларға "2- разрядты спортшы" спорттық разрядтары берілді.
Осылайша білікті оқушыларымыз маңызды жарыстарда ақыл-ой спорты түрлерінен өз шеберліктерін арттырып, біліктілік нормаларын абыроймен орындай білді.
Жүлдегер оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Болашақта биік белестерді бағындыратын шебер спортшы болуларына тілектеспіз!!!
Айрықша қолдау көрсеткені үшін ата-аналарына және сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз!!!
Сілтеме. Баһадүр спорт клубынан
https://www.instagram.com/p/DQ31XcDiIaX/?igsh=MW04eXJ4eTIzaXdkag==
