Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Мектепішілік бақылау: талдаудағы проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Іс-шараға елорданың мектептеріндегі оқу жұмысы жөніндегі және бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – мектепішілік бақылау барысында анықталатын проблемалық мәселелерді талдау, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындау және білім сапасын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасты.

Пленарлық бөлімде оқу үдерісінің сапасын бақылау, проблемаларды дер кезінде анықтау және оларды шешуді жоспарлаудың маңызы талқыланды. Қатысушылар мектепішілік бақылауда қолданылатын құралдар мен талдау алгоритмдері туралы ақпарат алып, тиімді басқарушылық шешім қабылдауға бағытталған мазмұнмен танысты. Психологиялық тренинг барысында қатысушылар бірлескен жұмысқа бағытталған командалық өзара әрекет тәсілдерін меңгерді.

Семинардың тәжірибелік бөлігі төрт шебер-сынып форматында өтті. Қатысушылар сабақ үдерісін бақылау критерийлерін талқылап, Lesson Study шеңберінде әрекеттерді жоспарлау, пәндік бақылау нәтижелерін талдау және сыныптағы оқу жағдайын бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар алды. Әр топ практикалық мысалдармен жұмыс жасап, мектепішілік бақылаудың нақты жағдайларына негізделген тапсырмаларды орындады.

Қорытынды кезеңде рефлексия жүргізіліп, семинар мазмұны мен тәжірибелік жұмыстың тиімділігі талқыланды.

Кері байланыс нәтижелері бойынша семинардың ұйымдастырылуы мен мазмұны жоғары деңгейде бағаланып, мектепішілік бақылауды жетілдіруге арналған пайдалы кәсіби алаң ретінде атап өтті.


       

 

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!

1. Педагог логопед - 1 штаттық орын

  1. Информатика пәні мұғалімі - 1 орын


 Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар

1.    Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3.    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4.    біліктілік  талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);

6.    денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);

7.    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.    наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.    сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10.конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) (бар болса);

Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies  сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.  

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2025 ж. 26 желтоқсан мен 2026 жылдың 08 қаңтар аралығында.

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ғылыми ізденістегі табысты нәтиже

2025  жылдың 11–12 желтоқсан күндері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Аталған білім бәйгесіне мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Рахимбек Кәусар қатысып, өз ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, қазылар алқасының оң бағасына ие болды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен мазмұнды қорғалуының нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жас зерттеушімізді бұл жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми ізденіс жолында табыс, жаңа идеялар мен биік белестер тілейміз. Жетекші ұстазы биология пәні мұғалімі Хозыбай Айжанға үлкен алғыс білдіреміз!

20-21.12.25 күндері "64" шаршылы дойбыдан Әбішев Жақсылықты еске алуға арналған қалалық турнир өтті.  

Дойбы тақтасындағы әрбір жүріс ақыл мен са бырдың көрінісі.

Мектебіміздің білікті де шебер оқушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

1) 1 ОРЫН  - Акдавлетова Айару, 3 А сынып 

2) 2 ОРЫН  - Нұрұш Айсана, 3 Б сынып 

3) 3 ОРЫН  - Тлеубек Айзере,  3 А сынып 

4) 2 ОРЫН - Естай Нұрали, 5 Б сынып 

5) 4 ОРЫН - Миллат Дамир,  6 А сынып

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға  және  белсенді қатысушыларға арнайы диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Талапты да талантты оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!!!

Ерекше қолдау көрсеткені үшін ата-аналары мен сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз!!!

 

 

doiby_astana 

https://www.instagram.com/reel/DSlSzEzDb5S/?igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ== 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы   

  № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!

1. Бастауыш сынып мұғалімі - 1 орын /ағылшын тілін меңгерген/


 Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар

1.    Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3.    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4.    біліктілік  талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);

6.    денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);

7.    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.    наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.    сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10. конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) (бар болса);

Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies  сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.  

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2025 ж. 11-23 желтоқсан  аралығында.

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.