Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгінгі  күні  «Астана дарыны» орталығы ұйымдастырған 3-4 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиадада мектебіміздің дарынды шәкірттері жүлделі орындарға ие болды!

Оқушыларымыз төмендегідей жүлделерді иеленді:

 2-орын - Мырзаш Рамазан- 4 сынып, қазақ тілі. Жетекшісі: Мусабаева Салима Егизбаевна

2-орын - Казанцев Валерий- 4 сынып, ағылшын тілі. Жетекшісі: Рантай Талшын

3-орын - Сайлау Нұрахмет – 4 сынып, математика. Жетекшісі: Мусабаева Салима Егизбаевна

3-орын - Эрмухамед Азамат – 3 сынып, математика. Жетекшісі: Сагимбаева Дария Мухтаровна

3-орын - Қаржаубай Назбибі – 3 сынып, жаратылыстану. Жетекшісі: Бижигитова Асел Жусупбековна

3-орын - Қабылхан Мерей – 3 сынып, ағылшын тілі. Жетекшісі: Жакенова Гульжазира Рахадиновна

Грамота- Ердуллаев Алинур- 3 сынып, қазақ тілі. Жетекшісі: Пралиева Эльмира Несипбаевна

Осы жеңістерімен барлық оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер сіздердің білімге деген ықыластарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыздың нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектестік білдіреміз!

«Зерттеу – білім беру өзгерістерінің қозғаушы күші» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында №48 мектеп-лицейінің педагогтері тәжірибелерімен бөлісті

2026 жылғы 29 мамырда өткен «Зерттеу – білім беру өзгерістерінің қозғаушы күші» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің педагогтері белсенді қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстары мен кәсіби тәжірибелерін республикалық деңгейде таныстырды.

Конференция барысында мектептен 9 мұғалім секциялық отырыстарда баяндама жасап, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, 10 педагог постерлік сессияға қатысып, өз жұмыстарын қорғап, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Конференцияның қорытынды бөліміндегі пікірталас алаңында мектеп директоры Нүрила Қияқбай сөз сөйлеп, білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан зерттеу топтарының қызметі, іс-әрекетті зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар және қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады.

Аталған конференция педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамытуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Мектептің кәсіби дамуына үлес қосып, зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп жүрген әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

 

«Алтын сақа» олимпиадасында жүлделі орын!

🌟 Қуанышты жаңалық! 🌟

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы бірлесе ұйымдастырған 3–4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің 4 «А» сынып оқушысы Сайлау Нұрахмет жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Оқушымыздың бұл жетістігі — табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және жүйелі дайындықтың нәтижесі.

Жетекшісі: Мусабаева Салима Егізбаевна.

Мектеп ұжымы жас жеңімпазымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім жолында үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! 🏆✨

 

🧠✨ Мектебімізде зияткерлік сайыс өтті!

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде 10-сынып оқушылары арасында «ZERDELI QUIZ» зияткерлік ойыны өткізілді.

Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін шыңдап, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар қызықты әрі тартысты кезеңдерден өтіп, білімге деген ынтасы мен тапқырлығын жоғары деңгейде таныта білді.

Әрбір команда белсенділік көрсетіп, ұйымшылдық пен жылдам ойлау дағдыларын ортаға салды.

Нәтижесінде, 10 «Ә» сынып командасы үздік нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге жолдама алды! 🎉

Мектеп ұжымы жеңімпаз команданы шын жүректен құттықтайды! Алдағы аудандық кезеңде сәттілік тілейміз! 🏆✨

 

«Ғажайып шахмат» турнирі өтті

«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» пәндері апталығы аясында мектебімізде «Ғажайып Шахмат» турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Шахмат – оқушының логикалық ойлауын, зияткерлік қабілетін, сабырлылығын және стратегиялық шешім қабылдау дағдысын дамытатын ерекше спорт түрі. Бұл ойын тек жеңіске жетуді ғана емес, әр қадамды ойланып жасауды, қарсыластың жүрісін алдын ала болжауды және жауапкершілікпен әрекет етуді үйретеді.

Екі жарым сағатқа созылған тартысты сайыста мектебіміздің тәжірибелі оқушылары бақ сынасты. Жас шахматшылар айналмалы жүйе бойынша өнер көрсетіп, өзара сынға түсті. Турнир барысында қатысушылар өздерінің білімін, шеберлігін, алғырлығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталды.

Нәтижесі төмендегідей:

Жүлдегерлер

  1. Сағынтаев Алихан – 1 орын, 4 А сынып оқушысы
  2. Бисембек Нұрали – 2 орын, 5 А сынып оқушысы
  3. Естай Нұрали – 3 орын, 5 Б сынып оқушысы

Белсенді қатысушылар

  1. Булат Али, 5 А сынып оқушысы
  2. Кабдуахит Ахмет, 5 А сынып оқушысы
  3. Миллат Дамир – 6 А сынып оқушысы
  4. Шамған Нұрәлі – 6 Ә сынып оқушысы
  5. Мәлік Айзере – 6 Б сынып оқушысы
  6. Тулеулин Эмир – 6 Б сынып оқушысы
  7. Садуақасов Тұрлыхан – 7 Ә сынып оқушысы
  8. Қален Қазыбек – 7 Б сынып оқушысы
  9. Оспан Нариман – 7 Б сынып оқушысы
  10. Серикова Самира – 7 Б сынып оқушысы
  11. Сүлейменова Хадиша – 8 Д сынып оқушысы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен, дипломдармен марапатталды. Турнирдің сәтті өтуіне қолдау көрсеткен ата-аналар мен сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз.

Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жас шахматшыларымыздың зияткерлік сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.