Бүгін: 03.10.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  

  № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!

1.    Педагог – ассистент – 3 орын /1 орын уақытша/;


 Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар

1.    Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3.    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4.    біліктілік  талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);

6.    денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);

7.    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.    наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.    конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар (бар болса);

Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies  сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.  

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2026 ж. 11-22 қыркүйек  аралығында.

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы   

  № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!

1. Бастауыш сынып мұғалімі - 1 орын /ағылшын тілін меңгерген/

2. Педагог ассистент – 1 орын

3. Тәрбиеші – 1 орын /арнайы сыныпқа/


 Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар

1.    Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3.    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4.    біліктілік  талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);

6.    денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);

7.    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.    наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.    сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10.конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар (ағылшын тілін еркін меңгеруі, сабақты толық ағылшын тілінде жүргізу) қажет және күні бойы белсенді жұмыс істеуге, қозғалыста болуға дайын болу керек;

Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies  сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.  

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2026 ж. 09-18 қыркүйек  аралығында.

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Астана қаласы тағы бір мәрте халықаралық спорт додасының орталығына айналды.

2026 жылғы 24–28 маусым аралығында Qul-Khadisha Park Hotel қонақ үйінде Қазақстан тарихында алғаш рет 100 шаршылы дойбыдан Әлем кубогының финалы өтті.

Әлемдік деңгейдегі айтулы жарысқа әлемнің және еліміздің бірнеше өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып, жоғары шеберліктерін паш етті.

Жарыс блиц және рапид бағдарламалары бойынша келесі санаттарда өткізілді:

- ерлер мен әйелдер

- 27 жасқа дейінгі жастар

- 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар

- 11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар

Қуаныштысы, осы дүбірлі додада мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушысы Естай Нұрали ел намысын абыроймен қорғады. 14 жасқа дейінгі ұлдар санатында бақ сынаған жас дойбышы тартысты ойын өрнегін көрсетіп, Әлем кубогы финалының үздік алты ойыншысының қатарына енді. Бұл – жас спортшының талмай ізденіп, жүйелі дайындықтың арқасында жеткен маңызды жетістігі.

Сондай-ақ мектебіміздің шахмат және дойбы үйірмесінің жетекшісі Исаев Сержан ерлер арасындағы бәсекеде лайықты ойын көрсетіп, халықаралық жарыста бағалы тәжірибе жинақтады.

Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы сапындағы Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Бұл – еліміздегі дойбы спортының қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.

Халықаралық дода жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және демеушілер тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мектебіміздің мақтанышына айналған Естай Нұрали мен жетекшісі Исаев Сержанды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Жас спортшының алдағы уақытта да еліміздің абыройын асқақтатып, халықаралық ареналарда жаңа белестерді бағындыратынына сенім мол.

Жас дарындардың қанатын қатайтып, олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетіп жүрген мектеп әкімшілігіне, педагогтерге және ата-аналар қауымына зор алғысымызды білдіреміз. Осындай жеңісті сәттер мектебіміздің мерейін үстем етіп, өскелең ұрпаққа үлкен жігер мен шабыт сыйлай берсін!

Сілтемелер (doiby_astana, draughtskazakhstan, 48_lyceum)

1) https://www.instagram.com/reel/DaAVVaOIsB2/?igsh=eTBhZm42Mmc0a25m

2) https://www.instagram.com/p/DaJXdjzDeBY/?igsh=MXdxZmJwdmdzd2k1dQ==

3) https://www.instagram.com/p/DaOP9skgjiA/?igsh=MWtqaXlyc2tueG16MA==

4) https://www.instagram.com/p/DaNRt8diE-D/?igsh=eTE4ZHl3dzQ3bnJ0

 

 

 

 

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы   

  № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!

1.    Қазақ тілі мен қазақ әбдебиеті пәні мұғалімі – 1 орын;


 Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар

1.    Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.    жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3.    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4.    біліктілік  талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.    еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);

6.    денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);

7.    психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.    наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.    педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшыдан  төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

10.конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар (бар болса);

Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies  сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.  

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2026 ж. 07-16 қыркүйек  аралығында.

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2

Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Астана қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде балалар мен жасөспірімдер арасында 100 шаршылы дойбыдан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар бас қосқан дүбірлі дода логикалық ойлау мен шеберліктің, төзімділік пен табандылықтың нағыз сын алаңына айналды.

Республикалық чемпионатқа Қазақстанның 15 өңірінен 130-дан астам спортшы қатысып, бірнеше жас санаты бойынша бақ сынады. Әр партияда жеңіске деген жігер, есепке құрылған дәлдік пен байыпты шешім қабылдау қабілеті айқын көрінді.

Жарыс классика, рапид және блиц бағдарламалары бойынша келесі санаттарда өткізілді:

- 2010 жылы туған және кіші жас

- 2013 жылы туған және кіші жас

- 2016 жылы туған және кіші жас

- 2018 жылы туған және кіші жас

Чемпионат қорытындысы бойынша Астана қаласының құрама командасы тамаша нәтиже көрсетіп, 6 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістік елордалық дойбышыларға алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік берді.

Аталған жарыста мектебіміздің оқушылары да өз шеберліктерін дәлелдеп, лайықты өнер көрсетті. Олар республикалық деңгейдегі тартысты бәсекеде мол тәжірибе жинақтап, өздерінің спорттық әлеуетін таныта білді.

2016–2017 жылы туған қыздар мен ұлдар арасында:

·         Акдавлетова Айару – 3 «А» сынып

·         Нұрұш Айсана – 3 «Б» сынып

·         Тлеубек Айзере – 3 «А» сынып

·         Уринбасар Нұрислам – 2 «Г» сынып

2013–2015 жылы туған ұлдар арасында:

·         Естай Нұрали – 5 «Б» сынып – IV орын

·         Миллат Дамир – 6 «А» сынып

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және сертификаттармен марапатталды.

Жас дойбышылардың жетістігі – жүйелі дайындықтың, жаттықтырушы еңбегінің, ата-аналардың қолдауы мен мектеп ұжымының жанашырлығының нәтижесі. Осындай республикалық деңгейдегі жарыстар жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың жеңіске деген жігерін арттырып, ел намысын абыроймен қорғауға жігерлендіреді.

Мектебіміздің оқушыларын көрсеткен нәтижелерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда биік белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда Қазақстанның көк туын биіктен желбірете беруіне тілектеспіз! 

Сілтемелер (doiby_astana, 48_lyceum)

1) https://www.instagram.com/p/DZvkQIEjVFs/?igsh=NmhmbWJjdGJrbzFq

2) https://www.instagram.com/p/DaBV13NkUTl/?igsh=YTd1ajhoc2psM2I1

3) https://www.instagram.com/p/DaNAqgiCFrx/?igsh=MWt1YmN4cnIzMzdseQ==