Бүгін оқу және математикалық сауаттылық бағытында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндері мұғалімдеріне арналған «Ой сандық» зияткерлік байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Аталған байқауда мектебіміздің намысын қорғаған математика пәні мұғалімі Құмарханова Әсия мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рақымжанова Құралай жұптық сайыста өздерінің терең білімін, кәсіби шеберлігін және зияткерлік қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде ұстаздарымыз жұптық сайыста ІІ орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар, сайыстың топтық кезеңінде де белсенділік танытып, шығармашылық ізденіс пен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ІІІ орынға қол жеткізді.
Байқау барысында қатысушылар оқу және математикалық сауаттылық бойынша түрлі тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, пәндер арасындағы байланысты тиімді қолдану дағдыларын көрсетті.
Мектеп ұжымы жеңімпаз ұстаздарымызды шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да білім беру саласында биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!




Жақында «Астана Дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігінің күнтізбелік жоспарына сәйкес балалар мен жасөспірімдер арасында «64» шаршылы дойбыдан Астана қаласының чемпионаты өтті. Аталған жарыс Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында өтті.
Ақыл-ой бәсекесі швейцариялық жүйе бойынша өтті.
Спортшылар төмендегі жас категориялары бойынша сынға түсті:
- 2018 жылы туған және одан төмен (қыздар, ұлдар)
- 2016-2017 жылы туған (қыздар, ұлдар)
- 2013-2015 жылы туған (қыздар, ұлдар)
Дойбы – логикалық ойлау мен зияткерлік қабілетті дамытатын спорт түрі. Бұл ойын оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету және ерікті әрекеттерді басқару қабілеттерін жетілдіреді.
Екі күнге созылған бұл сайыста елорданың әртүрлі мектептерінен келген тәжірибелі оқушылар бақ сынасты.
Мектебіміздің тәжірибелі оқушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
2016-2017 ж.т. қыздар арасында
1) 1 орын - Акдавлетова Айару, 3 А сынып
2) 3 орын - Нұрұш Айсана, 3 Б сынып
2013-2015 ж.т. ұлдар арасында
1) 1 орын - Естай Нұрали, 5 Б сынып
3) 3 орын - Миллат Дамир , 6 А сынып
Белсенді қатысушылар:
1) Төрехан Нұрислам - 3 В сынып
2) Жанбек Али - 1 Г сынып
3) Жамбылбек Райана - 1 Д сынып
4) Болатұлы Тәуекел - 1 В сынып
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль және кубок табыс етілді.
Осы жарыстың нәтижесі бойынша жеңімпаз, жүлдегер ойыншылар разрядтық норма орындап, дойбыдан Астана қаласының құрама командасына қабылданатын болады.
Талапты да талантты оқушыларымызды және олардың жаттықтырушысы Исаев Сержан Іздәшұлын жетістіктерімен құттықтаймыз!!!
Ерекше қолдау көрсеткені үшін ата-аналары мен сынып жетекшілеріне зор алғыс білдіреміз!!!
✨ Ғылыми жобалар сайысында жүлделі ІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған Рахимбек Кәусарды шын жүректен құттықтаймыз!
Ізденіс пен табандылықты талап ететін бұл байқауда оқушы өз білімін, ғылыми ойлау қабілетін және зерттеушілік дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл жетістік – оқушының еңбегінің және ұстазы Хозыбай Айжанның бағыт-бағдары мен қолдауының нәтижесі.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ғылыми ізденіс жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!


Жақында Ғылым және Білім беру қызметкерлері арасында жылдам шахматтан Астана қаласының чемпионаты өтті.
Бұл чемпионат - 2026 жылғы Сенат Кубогының 1/8 финалы.
Ақыл-ой сайысында 120-дан аса шахматшы бақ сынасты. 9 турдан құралған жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті. Әр ойыншыға 10 минут және әр жүріске 5 секунд берілді.
Мектебіміздің төмендегі ұлағатты ұстаздары мектеп намысын қорғап, шахмат ойынының қыр-сырын игеріп, мол тәжірибе алып қайтты:
1. Сагимбаева Дария Мухтаровна
2. Шонова Алия Куанышбековна
3. Радолда Естай
4. Мұхтар Нұрдәулет Мұхтарұлы
5. Жиеналин Ғалымжан Бақытжанұлы
6. Исаев Сержан Издашович
Ойын нәтижесі бойынша Сенат Кубогының 1/4 финалына шахмат мұғалімі Исаев Сержан жолдама алды. Құттықтаймыз!!!
Дүбірлі додаға белсене қатысқан шахматшы әріптестерімізге шексіз алғыс білдіреміз!!!
Болашақта талантты ұстаздарымыздың биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!!!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық кезеңде жүлделі орын алған 9-10-11 сынып оқушыларын құттықтаймыз!
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Орны |
Пәні |
Жетекшісі |
|
1 |
Жамбулова Айнель 9 сынып |
ІІІ орын |
математика |
Бакенова Айгуль Баякышовна |
|
2 |
Жақсылық Айдана 10 сынып |
ІІІ орын |
математика |
Ертаева Гульнур Ратовна |
|
3 |
Бекмұрат Ақерке 9 сынып |
ІІІ орын |
физика |
Хонорбай Анаргуль |
|
4 |
Ерман Медет 10 сынып |
ІІІ орын |
физика |
Туртаева Нурлы Маликовна |
|
5 |
Серік Жігер 11 сынып |
ІІІ орын |
физика |
Мерәлі Нұрпейіс Айдарбекұлы |
|
6 |
Сагнаев Аслан 10 сынып |
ІІІ орын |
информатика |
Секенқызы Айнұр |
|
7 |
Рахимов Азат 11 сынып |
ІІІ орын |
информатика |
Умирзаков Нуржан Туткабаевич |
|
8 |
Төкен Жанасыл 9 сынып |
ІІІ орын |
география |
Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлы |
|
9 |
Айтенов Ернар 9 сынып |
ІІІ орын |
химия |
Жанатаева Назира Якимовна |
|
10 |
Шахмет Әділбек 10 сынып |
ІІ орын |
биология |
Рахимбекова Әйгерім Серікқызы |
|
11 |
Есентур Інжу 9 сынып |
ІІ орын |
тарих |
Бостекова Гульшат Жакановна |
|
12 |
Ерман Ернұр 9 сынып |
ІІ орын |
құқық |
Қойбасарова Нұр Берікқанқызы |
|
13 |
Қайратқызы Гүлзат 11 сынып |
ІІ орын |
қазақ тілі мен әдебиеті |
Кушбаева Айнур Кабылтаевна |
|
14 |
Даниярқызы Балауса 10 сынып |
І орын |
қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті |
Шындалиева Жумакуль Ануарбековна |
|
15 |
Болат Мадина 11 сынып |
ІІ орын |
қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті |
Аюбаева Нурипа Алтынбековна |
|
16 |
Қанатбек Елина 10 сынып |
Грамота |
география |
Рахимберлина Гульмира Советовна |
|
17 |
Калменова Анель 11 сынып |
Грамота |
география |
Шынгысбаева Шынар Калкамановна |
|
18 |
Тастанбек Гаухар 9 сынып |
Грамота |
ағылшын тілі |
Мәлік Бисара |
|
19 |
Турсунова Алтынай 9 |
Грамота |
қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті |
Смагулова Айгуль Каировна |
|
20 |
Ақпар Әмір 10 сынып |
Грамота |
химия |
Амангелді Аружан Ғалымжанқызы |