Ахмет Байтұрсынұлының атылған күні мен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 7–8 сынып оқушыларымен бірге “АЛЖИР” мемориалды-мұражайына сапар ұйымдастырылды Сапардың мақсаты оқушыларға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы сынды арыстарымыздың тағдырын АЛЖИР лагеріндегі тарихи шындықтарды терең түсіндіру өткеннің ауыр сабақтары арқылы тәуелсіздіктің қадірін сезіндіру тарихи сана мен ұлттық рухты қалыптастыру болды Мұражайдағы әрбір экспозиция балаларға терең әсер қалдырып тарихқа деген қызығушылықтарын арттырды Өткенге тағзым еткен ұрпақ қана елінің ертеңін жауапкершілікпен сезінеді
«Рақмет саған, әліппе!» атты мерекелік іс-шара туралы анықтама
Мектебіміздің 1-сынып оқушылары «Рақмет саған, әліппе!» атты мерекелік іс-шарада алғашқы оқулықтарымен қоштасты Білім әлеміне қадам басқан бүлдіршіндер әріп танып оқуды үйренгендерін ән өлең және көріністер арқылы көрсетті Іс-шара оқушылардың оқу-білімге деген сүйіспеншілігін арттыруға және олардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдыруға ықпал етті «Рақмет саған, әліппе!» мерекесі әр баланың білім жолындағы алғашқы үлкен белесі ретінде есте қалды
Мектебімізде 0-4 бастауыш сынып оқушыларына арналған Жаңа жыл мерекесі ерекше көңілді әрі әсерлі өтті. Бұл мерекені мектебіміздің белсенді өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ұйымдастырып, кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
Шара барысында түрлі қызықты аниматорлар, көңілді ойындар, би мен мерекелік бағдарламалар ұсынылып, балалар жаңа жылдық ертегі әлеміне енгендей әсер алды. Оқушылардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мерекенің ең әдемі сәттеріне айналды.
Осындай тамаша шара ұйымдастырған белсенді оқушыларымызға үлкен алғыс білдіреміз! 🌟
Жаңа жыл баршаңызға бақыт, денсаулық және мол қуаныш әкелсін! 🎉
Сілтеме- https://www.instagram.com/p/DSuSmhnCEj9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Бүгін мектебімізде «Жасанды интеллект жолында: ғылымның үштігі» тақырыбында математика, физика, информатика пәндері апталығының салтанатты ашылуы өтті Ашылу рәсімінде пәндер апталығының жоспары таныстырылып оқушыларға қызықты тәжірибелер интеллектуалды тапсырмалар беріліп танымдық ойындар жүргізілді Іс-шара оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шығармашылық дағдыларын және пәндерге қызығушылығын дамытуға ықпал етті
Бүгін мектебімізде «Жасанды интеллект жолында: ғылымның үштігі» тақырыбында математика, физика, информатика пәндері апталығының салтанатты ашылуы өтті Ашылу рәсімінде пәндер апталығының жоспары таныстырылып оқушыларға қызықты тәжірибелер интеллектуалды тапсырмалар беріліп танымдық ойындар жүргізілді Іс-шара оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шығармашылық дағдыларын және пәндерге қызығушылығын дамытуға ықпал етті
«Рухпен жарқыраған Тәуелсіздік» атты флешмоб туралы анықтама
16 желтоқсан – халқымыз үшін қастерлі тарихы терең мерекеге орай 4 «В» сынып оқушылары «Рухпен жарқыраған Тәуелсіздік» атты флешмоб ұйымдастырды Флешмоб барысында оқушылар өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін ел болашағына деген сенімін би қимылдары арқылы көрсетті Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізіліп оқушылардың бойында патриоттық рух пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталды Шара жас ұрпақтың жүрегінде тәуелсіз елдің ұланы екеніне деген мақтаныш сезімін оятты
«Тәуелсіздік — мәңгілік ел мұраты» атты тәрбиелік іс-шара туралы анықтама
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Тәуелсіздік — мәңгілік ел мұраты» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды Іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру елдік құндылықтарды насихаттау және оқушылардың бойында отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды Іс-шараға белсенді оқушылар және өзін-өзі басқару ұйымы қатысып Тәуелсіздік тарихына қатысты тың деректермен бөлісті Мәнерлеп оқулар мен патриоттық орындаулар арқылы мерекенің рухы ашылды Бұл іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттыруға және ұлттық құндылықтарды түсінуін нығайтуға ықпал етті
“Sebepsiz, sebep-siz” — тәттілер мен жылы жүректер күні!
19 қарашада біздің мектеп парламенті ерекше бір күн ұйымдастырды: оқушылар бір-біріне себепсіз шоколад сыйлады. 🎁
Кішкентай шоколадтар — үлкен қуанышқа айналды! Кімге шоколад бердіңіз? Кімнен күтпеген сыйлық алдыңыз? 😄
📸 Видео арқылы сол сәттерді бірге еске түсірейік! Түсінікті болсын, бұл күн тек тәттілер емес, жылы сезімдер мен достық үшін болды. 💛
💌 Пікір қалдырып, өзіңіздің қызықты немесе көңілді сәтіңізбен бөлісіңіз! Мүмкін, келесі жылы дәл сіздің шоколадтарыңыз басқаның жүрегін жылытатын шығар!

Сілтеме https://www.instagram.com/reel/DRRT_cKCkhy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025 жылғы 17 қазанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде мектепішілік президент сайлауы өткізілді.
Сайлау үдерісі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, ашықтық пен әділдік қағидалары толық сақталды. Оқушылар сайлауға жоғары белсенділік танытып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіре отырып, дауыс беру процесіне белсене қатысты.
Сайлау нәтижелері төмендегідей:
Дауыс беру қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған Абдижапаров Ринат мектеп президенті болып сайланды.
Аталған іс-шара оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды. Сайлау белгіленген талаптарға сай жоғары деңгейде өткізілді.
Сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DP5_Q7jCFh6/

17 қазан 2025 жылы мектебімізде МЖСП Президентін сайлау өтеді!
Бұл — әр оқушының дауысын білдіріп, өз көшбасшысын таңдауға үлкен мүмкіндік!
? Барлықтарыңызды сайлауға белсене қатысуға шақырамыз!



